ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ИОРДАНИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР ДӘРІС ОҚИДЫ

Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында университетте қыркүйек айының басынан бастап «ҚарИУ» КеАҚ «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің магистранттары, студенттері және профессорлы-оқытушылар құрамы үшін Иордания елінің Амман қаласындағы The Jordan Uiversity профессоры Риад Таха Аль-Касасбехтің қатысуымен ашық дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

2024 жылғы 6 қыркүйегінде профессор Риад Таха Аль-Касасбехтің қатысуымен «Энергетика» және «Жасанды интеллект технологиясы» кафедраларының кеңейтілген отырысы өткізілді, онда одан әрі ынтымақтастық жоспарлары мен оқу процесінің кестесі талқыланды.

Бұл дәрістердің мақсаты – «Аналогтық электроника» (Аnalog electronic) пәні бойынша білімге негізделген «Бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы», «Автоматтандыру жүйелері инженериясы». «Электрді энергетика», «Өндірістік нысандарды энергиямен қамтамасыз ету», «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жылуэнергетикасы», «Электрлі энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар мен студенттердің кәсіби құзыреттілігін жоғары деңгейде дамыту.

«Бүгінде бірде-бір сала электроникасыз жұмыс істей алмайды», - деп түсіндіреді профессор Риад Таха. - Мен дәрістер курсын ағылшын тілінде жүргіземін және американдық әдебиеттерді қолданамын - бұл ең заманауи оқулықтар. Алғашында студенттерге қиын болғанымен, кейін оқулықтар мен жаңа терминологияға үйрене бастайды. Қазір олар қызығушылық танытуда. Мен күн сайын жүктемені арттырамын, бірақ студенттер осы жүктемені жылдам игереді. Курстың соңына дейін олармен өзара байланыста болғаныма өте қуаныштымын. Қарағанды индустриялық университетімен жақынырақ танысып, болашақ мамандарды дайындауға өз үлесімді қосу мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын.

Профессордың айтуынша, халықаралық ынтымақтастық жоғары оқу орындарының өмірлік маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол университет жұмысын көрсетеді және озық үрдістер мен жаңа білімді зерттеуде әлемдік көшбасшыларға стандарттарды белгілейді, онсыз заманауи білім беруді елестету мүмкін емес.

Мұндай ынтымақтастық университеттерге менеджмент, ғылыми зерттеулер, әкімшілік үдерістер бойынша тәжірибе алмасуға, сонымен қатар университет қызметкерлеріне өз қызметінде жаңа идеяларды, шешімдер мен жүйелерді қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта барлық ғылыми қауымдастықтар әртүрлі елдердегі университеттердің әлемнің жетекші сарапшыларымен өзара әрекеттесуге ұмтылады. Бұл адам өміріне әсер ететін барлық салалардағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Біз бірге ағымдағы жағдайды, оның дамуын бақылаймыз, бұл мәселенің оңтайлы шешімін мүмкіндігінше тезірек табуға жағдай жасайды. Әлемдік қорлар елеулі зерттеулерге орасан зор қаржы бөледі, деп жалғастырды профессор Риад Таха. – Менің университетім, The Jordan University, жоғары орында, ол әлемдегі ең жақсы 500 университеттің қатарына кіреді. Ал біз ҚарИУ серіктестік орнатуға мүдделіміз. Бұл бізге оқытушылармен алмасуға мүмкіндік береді, ал студенттер Америкада да, Иорданияда да тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.

Профессор Риад Таха Аль-Касасбех Санкт-Петербургтегі ЛЭТИ электрлі техникалық университетінде биологиялық және электронды жабдықты басқару саласында техника ғылымдарының магистрі және философия докторы (РhD) дәрежесін алған. Ғылыми жұмысын Констанц университетінде (Германия) жалғастырды. Қазіргі уақытта Иордания университетінде профессор лауазымында еңбек етеді. Ол Springer, IEEE, Taylor & Francis, IASTED, Inderscience және Elsevier сияқты беделді журналдар мен конференциялар жинақтарында ғылыми мақалаларын жарияланған 120 астам мақалалардың бірлескен авторы және табысты зерттеуші. Профессор Риад Таха Аль-Касасбех бірнеше университеттерде, соның ішінде Филадельфия университетінде, Констанц университетінде (Германия) (HTWG) және Мәскеу энергетикалық институтында (MЭИI) шақырылған профессор ретінде жұмыс істеді. Ол сонымен қатар HTWG-де DFG зерттеушісі болып жұмыс істеді. Оның ғылыми қызығушылығы жасанды интеллект, биомедициналық аспаптар, биофизика, акупунктура, анық емес шешімдер логикасы, медициналық және экологиялық ақпараттық жүйелер және эргономика сияқты тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Ол өзінің инновациялық жұмысын ұсынатын халықаралық конференцияларда танымал спикер. Профессор Риад Таха Аль-Касасбехтің осы салаға қосқан үлесі жүрек және асқазан ауруларын болжау мен диагностикалаудың жаңа клиникалық әдістерін жасауды қамтиды. Сондай-ақ ол анық емес логика ережелері негізінде биоактивті нүктелерді пайдалана отырып, адам-машина жүйелерінің операторларының психоэмоционалдық күйзеліс деңгейін анықтау құралдарын әзірледі. Сонымен қатар, ол жергілікті және халықаралық өнеркәсіп, сондай-ақ медициналық құрылымдар мен ұйымдар үшін ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ететін ғылыми жобаларды сәтті басқарады.

Ынтымақтастық нәтижелері бойынша әртүрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша консультациялар өткізіледі.

blank
blank
blank