ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ ӨТКІЗІЛЕДІ

Көптеген жоғары сынып оқушылары өмірде немен айналысқысы келетінін әлі білмейді. Ашық есік күні оларға мамандық пен университет туралы шешім қабылдауға көмектеседі. Мұны оқу орнына бармай-ақ жасау өте қиын. Іс-шара оқушыларға оқу үдерісінің қалай ұйымдастырылғанын көруге, оқу кабинеттері мен зертханалардың қаншалықты жақсы жабдықталғанын бағалауға, әртүрлі мамандықтарды салыстыруға мүмкіндік береді.

Ашық есік күндеріне қатысу маңызды:

  1. Университет атмосферасын сезінуге, инфрақұрылым мен жабдықталуды бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қарағанды индустриялық университетінде алты оқу корпусы, екі жатақхана, алты залды спорт ғимараты бар:

- баскетбол мен футболға арналған ойын залы;

- волейболға арналған ойын залы;

- күрес залы;

- ауыр атлетика залы;

- медициналық топтарға арналған арнайы зал;

- үстел теннисі залы.

Университетте жұмыс істейді:

- бірегей тәжірибелік өнеркәсіп алаңдары (7 балқыту пеші, илектеуу және созу жабдықтары);

- 3D инженерлік зертхана-фабрика;

- Cisco академиясы;

- Huawei академиясы;

- Касперский зертханасы;

- Инженерлік және технологиядағы цифрлық инженерия орталығы.

- 300 000 томдық кітапхана;

- мұражай;

- 500 орындықты акт залы;

- Құрылыс өндірісінің ғылыми-зерттеу институты.

  1. Бүгінгі таңда білім беру бағдарламаларымен танысу мүмкіндігі бар:

- бакалавриат – 26;

- магистратура – 20;

- PhD докторантура – 6;

- қолданбалы бакалавриат – 2.

  1. Нақты білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен, сондай-ақ оқытушылармен танысуға және оларды тыңдауға жағдай жасалған. Қарағанды индустриялық университетінде «Қазақстан Республикасы ЖОО Үздік оқытушысы» атағын алған 19 оқытушы жұмыс істейді. 11 оқытушы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» атағын иеленген. Сонымен қатар, университет оқу үдерісіне Малайзия, Түркия, Польша, Испания, Италия, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. шетелдік профессорларды дәріс оқуға шақырады.
  2. Бюджеттік орындар мен квоталар туралы ақпаратты алдын ала білуге;
  3. Оқуға қабылдау тәртібі туралы бәрін алдын ала нақтылауға - құжаттарды қашан және қалай тапсыру керек екенін білуге болады.

ҚарИУ Ашық есік күндері концерттік бағдарламамен, одан кейін университет бойынша экскурсиямен аяқталады.