Ерекеева Гауһар Сәрсенғалиқызы

 

Докторлық диссертацияны қорғау туралы

«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның жанынан құрылған 8D072 – Өндірістік және өңдеу салалары бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 6D070900 (8D07202) – «Металлургия» («Қара және түсті металдар металлургиясы» ББ) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ерекеева Гауһар Сәрсенғалиқызының «Бьеррум-Гуггенгейм тұжырымдамасы негізінде күрделі ферроқорытпаларды алудың ғылыми негіздерін әзірлеу үшін Fe-Si-Al-Mn-Cr жүйесінің құрылымдық күйінің физика-химиялық моделін құру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.

 

Диссертациялық жұмыс «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және материалтану» кафедрасында және Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Металлургиялық балқымалар» зертханасында орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

 

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич – техника ғылымдарының докторы, «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ, Теміртау қ., Қазақстан;
  2. Толоконникова Вера Владимировна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Физика-химия және ілеспе элементтер технологиясы» зертханасының меңгерушісі, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты, Қарағанды қ., Қазақстан;
  3. Заякин Олег Вадимович – техника ғылымдарының докторы, «Болат және ферроқорытпа» зертханасы, «РҒА Орал бөлімінің металлургия институты» ФМБҒМ, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы.

 

Ресми рецензенттер:

  • Колесников Александр Сергеевич – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М. Әуезов Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, докторанттың зерттеулері саласында 5- тен астам ғылыми жарияланымдары бар, Шымкент қ., Қазақстан.
  • Аубакиров Дастан Рахметоллаевич – философия докторы (PhD), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісінің м.а., докторанттың зерттеулері саласында 10-нан астам ғылыми жарияланымдары бар, Қарағанды қ., Қазақстан.

 

 Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Капелюшин Юрий Евгеньевич – PhD, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) «Қайта пайдалануға болатын зымыран-тасығыштардың қозғалтқыш қондырғыларының физика-химия және газдинамика мәселелері» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, «Металлургиядағы сутегі технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері, 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 4 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 4 жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science = 4, Scopus = 5, Челябинск қ., Ресей Федерациясы.
  2. Абдулина Сауле Амангельдыевна – PhD, қауымдастырылған профессор (доцент), «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ-ның 6B07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының жетекшісі, 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 3 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 4 жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science = 2, Scopus = 4, Өскемен қ., Қазақстан.
  3. Аринова Сания Каскатаевна – философия докторы (PhD), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Нанотехнология және металлургия»кафедрасының оқытушысы. 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 3 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда жарияланымдары бар. Хирш индексі: Web of Science = 3, Scopus = 2. Қарағанды қ., Қазақстан.

Қорғау 2024 жылғы 08 қарашада, сағат 10-00-де, 101400, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30 мекен-жайында өтеді. «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның Жаңа ғимараты Н-201 ауд.

 

Сайт адресі: https://tttu.edu.kz/obyavlenii-o-zashhite-doktorskoy-dissertacii-announcement-of-the-defense-of-a-doctoral-dissertation-%d2%9bor%d2%93au-turali-xabarlandiru/

 

Ғалым хатшы: философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Ержанов А.С.,

e-mail: 6D070900@tttu.edu.kz

тел.: +7 (747) 131 21 83

 

Аңдатпа

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Этикалық комиссияның шешімі

Отандық ғылыми консультанттың пікірі _ Нурумгалиев А.Х.

Отандық ғылыми консультанттың пікірі _ Толоконникова В.В.

Шетелдік ғылыми консультанттың пікірі _Заякин О.В.


Просмотров: 84