«Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!»

21 қарашада КарИУ және ТЭК студенттері үшін Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Студент жастарды "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!». Сондай-ақ, мамандар "Amian" мобильді қосымшасын қалай пайдалану керектігін түсіндірді. Акция 2024 жылдың 4 қыркүйегі мен 31 желтоқсаны аралығында өтеді.

Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Салтанат Молдабаева мен ұйымдастыру-әкімшілік бөлімінің басшысы Әлия Әшімханова түсіндіргендей, аталған акцияны өткізу кезеңінде еліміздің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы смартфондар мен бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады. Тек "Amian" мобильді қосымшасында Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет. Акцияға деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері (Онлайн БКМ) қатысады.

Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

"Amian" қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеуге болады.

Науқан шарттары бойынша чекті беру күні мен уақыты ұтыс ойынының басталу күнінен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмейді.