ҚАРИУДА «СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

Бірінші курс студенттеріне арналған семинар-тренинг курсын ҚарИУ психологиялық қызметінің жетекшісі А.В. Ярута ұйымдастырды.

Психологтың айтуынша, мұндай шаралар қажет. Мұндай жұмыс әсіресе жаңа ортаға бейімделуді қажет ететін 1 курс студенттері арасында өте маңызды. Өмірдің жаңа кезеңі стрессті, дағдарысты, депрессияны және тіпті суицидтік ойларды тудыруы мүмкін.

Семинар барысында оның қатысушылары триггер, қауіп факторлары және суицидтік әрекеттерден қорғау факторлары мәселелерін талқылады.

Семинар жемісті өтті, Студенттер спикер ұсынған барлық мәселелерді белсенді талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.