ҚЫСҚЫ СЕССИЯ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАРИУДА «ТАЗА СЕССИЯ»АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ.

Акцияның негізгі мақсаты-студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылықтар көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Акция аясында студенттік топтарда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік сезімін дамыту және академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша тақырыптық әңгімелер өткізілді. Университеттің барлық ғимараттарында студенттер мен педагогтарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және "Таза сессия" акциясын өткізуді бақылау ісіне белсенді қатысуға шақыратын "Сенім жәшіктері" орналастырылған. ЖОО-да жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық жұмыстар жастардың алған білімдерін студенттердің өміріндегі кез келген сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.