ҚарИУ қаламыздың барлық тұрғындары арасында жоғары білімнің қолжетімділігі мен танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік негіздері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды белсенді түрде іске асыруды жалғастыруда.
26.02.2025 ж. "Қарағанды индустриялық университеті" КЕАҚ экономика және құрылыс факультетінің базасында Теміртау қаласы мектептерінің 11 сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған қаржылық сауаттылық бойынша олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға қатысу үшін Теміртау қаласындағы 7 мектептен 22 өтінім берілді. Қатысушылар әділ күрес жүргізді және телефондарды да, парақтарды да пайдаланбады. Қазылар алқасының мүшелері мектеп оқушыларының жақсы дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын, сондай-ақ ойлау және есептеу қабілетін атап өтті. Барлық оқушылардың қатысқандары үшін алғыс айтамыз!
Олимпиада жүлдегерлеріне үш жүлделі орын берілді. Бірінші орынға ҚарИУ-да оқу ақысы бойынша 50%, екінші орынға - 30%, үшінші орынға - 20%, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі белгіленген оқу құнына қарамастан жеңілдік жасалынады. Жеңілдіктер 4 жылдық оқудың барлық кезеңіне беріледі.
Біз олимпиада жеңімпаздарын құттықтауға қуаныштымыз:
I орын - Сағынтай Арлан Русланұлы № 31 ЖББМ КММ
II орын-Саматов Асылбек Ғалымжанұлы Теміртау қаласы Бөкейхан А. Атындағы гимназиясы.
III орын - Арсеноева Розалина Руслановна №7 ЖББМ КММ
Қарағанды облысы білім басқармасының "Теміртау қаласының білім бөлімі" ММ ерекше алғысымызды білдіреміз!
