2025 жылы 25 ақпанда «Релелік қорғау және автоматика: жұмысты ұйымдастыру, даму перспективалары және жас мамандарды даярлау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы барлық еншілес кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің өкілдерін онлайн форматта біріктірген «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» (ҚКЖ) компаниялар тобы болды.
Жас мамандарды даярлауға, олардың біліктілігі мен өндірістік дағдыларын арттыруға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге ерекше назар аударылды.
Қарағанды индустриялық университетінің спикері ретінде PhD В.М. Дружинин «Релелік қорғау және автоматика: жас мамандарды дамыту және даярлау перспективалары» тақырыбында негізгі баяндама жасады.
Іс-шара релелік қорғау және автоматика саласындағы өндірістік кәсіпорындар мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті, бұл Қазақстанның энергетика саласын дамыту үшін маңызды қадам болып табылады. Бұл іс-шара «Энергетика» кафедрасының әдістемелік апталығына орайластырылған.
