ҚАРИУ БАКУДЕГІ БІЛІМ КӨРМЕСІНДЕ

4-5 наурыз күндері Бакуде білім көрмесі өтіп жатыр, оған Қазақстанның 20-дан астам университеті қатысуда. Екі күндік шара Әзірбайжан студенттеріне Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары ұсынатын түрлі академиялық бағдарламалармен танысуға мүмкіндік береді.

Қарағанды индустриялық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бахыт Жәутіковтің айтуынша, бұл көрме екі ел арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара.

– Біз Бакуде өте нәтижелі жұмыс істейміз деп ойлаймын, – деді Бахыт Жәутіков. – Көрмеге көптеген мектеп оқушылары мен студенттер келді, олардың басым бөлігі нақты білім беру бағдарламасын таңдауға ниетті. Егер Әзірбайжан талапкерлері қызығушылық танытып, Теміртауға келіп, сапалы техникалық білім алса, біз өте қуанышты боламыз.

Бұған дейін Қазақстан мен Әзірбайжанның министрлері мен жетекші университет ректорлары қатысқан дөңгелек үстел барысында Қарағанды индустриялық университеті бірден үш Әзірбайжан университетімен меморандумға қол қойған болатын: Баку мемлекеттік университеті, Әзірбайжан техникалық университеті және Әзірбайжан архитектура және құрылыс университеті.

blank
blank