ҚАРИУ-ДА 8 НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ.

Халықаралық әйелдер күніне орай Қарағанды индустриялық университетінде университет оқытушылары, ұстаздар және қызметкерлер құрметке бөленді. ҚарИУ-да әйелдерді құттықтау дәстүрге айналған. Оның үстіне университет профессорлық-оқытушылық құрамының 70 пайызы әйелдер екені белгілі. Қазіргі таңда әйелдер университетте маңызды рөл атқарады. Олар тек ғылымда табысты ғана емес, университетте жоғары лауазымдарда қызмет атқарады – кафедра меңгерушісінен бастап проректорға дейін. Бұл тек құрмет белгісі ғана емес, Қазақстан әйелінің заманауи қоғамдағы жоғары статусын мойындаудың көрінісі.

Салтанатты шара аясында университеттің акт залында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мереке иелерін құттықтау сөзбен университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар проректоры Болат Махмұтов сөз сөйледі. Ол әйелдерге денсаулық, жағымды эмоциялар, бақыт және әл-ауқат тіледі.

Концерттің нағыз сыйы «Әуен» ансамблінің өнері болды. Ансамбль мүшелері классикалық өңдеудегі танымал әуендерді орындады.

Мерекелік шараның спонсоры КарИУ профкомы болды.