Қаржылық сауаттылық бойынша олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

ҚарИУ әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды белсенді түрде жалғастыруда. Бұл жобалар жоғары білімнің қолжетімділігі мен танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік негіздері туралы хабардар болуына бағытталған.

26 ақпанда «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ экономика және құрылыс факультетінің базасында Теміртау қаласының 11-сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты – қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздікті насихаттау.

Олимпиадаға қатысу үшін Теміртау қаласының 7 мектебінен 22 өтінім қабылданды. Қатысушылар адал жарысып, телефон мен шпаргалкаларды қолданбады. Қазылар алқасы оқушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын, жеңіске деген ұмтылысын, сондай-ақ стандартты емес ойлау және есептеулер жүргізу қабілетін атап өтті. Барлық оқушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!

Олимпиада жүлдегерлеріне үш жүлделі орын берілді. Бірінші орын иегеріне ҚарИУ-да оқу ақысына 50% жеңілдік, екінші орынға – 30%, үшінші орынға – 20% жеңілдік тағайындалды. Бұл жеңілдіктер 2025 жылдың 1 қыркүйегінде белгіленетін оқу ақысына қарамастан, толық 4 жылдық оқу мерзіміне беріледі.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

I орын – Сағынтай Арлан Русланұлы (ҚММ №31 орта мектебі)

II орын – Саматов Асылбек Ғалымжанұлы (Теміртау қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия)

III орын – Арсеноева Розалина Русланқызы (ҚММ №7 орта мектебі)

Теміртау қаласының білім бөліміне және Қарағанды облысының білім басқармасына ерекше алғысымызды білдіреміз!