ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, БІЛІМ АЛУШЫЛАР,ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУШІЛЕР!
Қарағанды индустриялық университеті Сізді Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының қолдауымен өтетін «Инженерлік еңбектің беделін арттырудағы ғылымның рөлі» атты LV республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция ғылымның инженерлік еңбектің беделін арттырудағы рөлін талқылауға, инженерлік еңбектің маңыздылығын арттыру үшін ғылым, бизнес және білімнің тиімді
ынтымақтастық үлгілерін зерттеуге, негізгі үрдістерді анықтауға және жастар мен қоғам арасында инженерлік мамандықтарды насихаттауға арналған ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
2025 жылғы 10 сәуір
Конференция жұмысының бағыттары:
1 Секция. Инженерлік-техникалық білім беру: Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мамандар
даярлаудың жаңа форматтары»
2 Секция. «Ғылым және өндіріс: Инженерлік шешімдерді өнеркәсіпке интеграциялаудың сәтті
кейстері»
3 Секция. Цифрлық трансформация және инженериядағы жасанды интеллект»
4 Секция. Ғылым, тұрақты даму және химиялық технология мен экологияға арналған
инженерлік шешімдер»
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында академик Е.Букетовтің туғанына
100 жыл толуына арналған «Е.А.Бөкетов – қазақ руханияты мен металлургия ғылымының көрнекті
тұлғасы» атты Дөңгелек үстел өтеді».
Конференция форматы: аралас (офлайн / онлайн).
Өтетін орны: Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, «Қарағанды индустриялық
университеті» Ке АҚ, Жаңа корпус.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қосымша ақпарат
Конференцияға қатысушылар: білім алушылар, ғылыми қызметкерлер және профессороқытушылар құрамы.
Конференцияға қатысу үшін тақырыпқа сай, бағыттары бойынша өзекті теориялық және
практикалық маңызы бар, 5 беттен аспайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарын мақала түрінде ұсыну
қажет. Конференцияға қатысу үшін қатысу өтінімін толтырып, дайындалған мақаланы тіркеу
керек. Қатысу өтінімін толтыруға арналған сілтеме: https://forms.gle/esS7E4rPJHCLuBuV6
Өтінімдер мен мақалаларды тапсыру мерзімі: 2025 жылдың 3 сәуіріне дейін қоса алғанда.
Барлық қатысушылар сертификаттар алады, ал үздік баяндамалар дипломдармен
марапатталады.
Жауапты тұлға:
Нұрғалиева Әсел Қажатқызы - Ғылым және инновациялар департаментінің жетекші маманы.
Телефон / WhatsApp: +7 701 552 00 18
E-mail: bulletin@tttu.edu.kz
БІЗ СІЗДІ КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА КӨРУГЕ
ҚУАНЫШТЫМЫЗ!
Құрметпен, ҚарИУ Ұйымдастыру комитеті