ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: ҚАРИУ КОЛЛЕДЖДЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

14 наурызда Қарағанды индустриялық университеті мен Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға арналған ресми рәсімі өтті. Жүзеге асырылған келісім сұранысқа ие жұмыс орындарына кадрлар даярлаудағы маңызды қадам.

Іс-шараға екі оқу орнының басшылары қатысып, ынтымақтастық перспективаларын талқылап, болашаққа арналған стратегиялық жоспарлар туралы ақпаратпен алмасты.

Осылайша, меморандум аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және үйлестіру, студенттер мен оқытушылармен алмасу, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүргізу жоспарланды.

- Қарағанды индустриялық университетімен ынтымақтастық бізге үлкен мүмкіндіктер жол ашады - деп сендірді Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің директоры Мәди Телеуғазы. – Колледж қонақтық дәрістер, университет ғалымдарының семинарлары, дөңгелек үстелдер өткізуге мүдделі. Қол қойылған меморандум негізінде ҚарИУ кафедралары колледж түлектері мен оқытушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізетін болады.

Бүгінгі таңда Қарағанды индустриялық университетінің материалдық-техникалық базасында жоғары сапалы білім беру үдерісіне қажеттінің бәрі бар: жеткілікті инфрақұрылым, ғылыми-зерттеу зертханалары, электронды ресурстар, түрлі көрнекі және оқу материалдары.

Профессорлы-оқытушылар құрамының ішінде белгілі ғалымдар, оның ішінде мемлекеттік наградалар, стипендиялар, сыйлықтар мен атақтардың иегерлері бар. Осының барлығы қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

«Жүзеге асырылған келісім отандық білім беру жүйесін дамытуға, жұмысшы мамандықтар тапшылығын жоюға, түлектердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және олардың болашақта табысты жұмысқа орналасуына ықпал ететініне сенімдімін», - деді ҚарИУ ректоры Бахыт Жәутіков.

Сонымен қатар, меморандум аясында тараптар оқу орындарының интеграциясына ықпал етіп, ғылым, білім және өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтады.