ХАБАРЛАНДЫРУ

2025 жылғы 10 сәуірде сағат 10:00-ден бастап Қарағанды индустриялық университетінің базасында «Инженерлік еңбек беделін арттырудағы ғылымның рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлының, Ұлттық Инженерлік академиясының президенті Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының қатысуымен өтеді.

Конференцияның негізгі мақсаты - инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудағы ғылым мен инновацияның рөлін талқылау үшін Қазақстанның әртүрлі техникалық жоғары оқу орындарының, колледждерінің және ғылыми ұйымдарының студенттерін, жас ғалымдары мен мамандарын біріктіру. Конференцияға қатысушылар инженерлік саланың әртүрлі бағыттары бойынша өздерінің ғылыми баяндамалары мен зерттеулерін ұсынады. Іс-шара аясында академик Е.Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Е.А. Бөкетов – қазақ руханияты мен металлургия ғылымының көрнекті тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Конференция Қазақстандағы инженерлік еңбек беделін нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде біздің елімізде ғылым мен технологиялардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады.