Қазақстан Республикасындағы университеттердің еңбек нарығында сұранысқа ие болу деңгейін анықтайтын тәуелсіз рейтинг — білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен сапасын, сондай-ақ түлектердің еңбек нарығындағы талаптарға сәйкестігін бағалаудың маңызды құралы болып табылады. Бұл рейтинг экономиканың және қоғамның қажеттіліктеріне тиімді жауап беретін жетекші оқу орындарын анықтауға және білім беру стандарттарының одан әрі дамуына ынталандыруға мүмкіндік береді.
Қуанышпен хабарлаймыз, «Қарағанды индустриялық университеті» тәуелсіз рейтингке енді және 2025 жылғы Қазақстанның үздік 20 университетінің ішінде лайықты түрде 12 орынға ие болды. Бұл мамандарды даярлау деңгейінің жоғары екенін, білім беру бағдарламаларының заманауи еңбек нарығы талаптарына сай екенін және университеттің өңір мен елдің индустриялық әлеуетін дамытуға зор үлес қосқанын дәлелдейді.
Бакалавриат бойынша:
2 орын 6B07203 Металлургия (түсті металдар)
3 орын 6В07204 Фармацевтикалық өндірістің технологиясы
3 орын 6B07103 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
7 орын (15 ішінде) 6B04106 Есеп және аудит кәсіпкерлікте
5 орын (11 ішінде) 6B07104 Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен коммуналдық қызмет объектілерінің жылуэнергетикасы
4 орын (6 ішінде) 6В07107 Өнеркәсіптің технологиялық жабдықтары
Магистратура бойынша:
4 орын 7M07103 Технологиялық жабдықтардың инжинирингі
2 орын 7М07203 Қара және түсті металдардың металлургиясы
Докторантура бойынша:
1 орын 8D07202 Қара және түсті металдардың металлургиясы
3 орын 8D07101 Инженерлік нанотехнологиялар
Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы рейтингі ТОП-50-де университетімізден бір ғана өкіл — Андрей Вальерьевич Волокитин — 43 орынға ие болды. Андрея Вальерьевичті жетістігімен құттықтап, ғылым мен білім дамуына қосқан үлесіне алғысымызды білдіреміз! Барлық академиялық қауымды осындай үлкен жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Толық рейтинг нәтижелерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://iaar.agency/rating/1/0/2025
