ҚАРИУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯСЫНАН СӘТТІ ӨТТІ!

ҚарИУ Халықаралық бағдарламалық аккредитациядан сәтті өтіп, мамандар даярлаудың жоғары деңгейін растады. Аккредитацияны Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) жүргізді.

 Заманауи халықаралық академиялық стандарттар мен еңбек нарығы талаптарына келесі білім беру бағдарламалары толық сәйкес келетіні мойындалды:

6В06101 — Бағдарламалық инженерия

6В07106 — Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы

6В07105 — Өндірістік нысандардың энергиямен қамтылуы

6В07107 — Өнеркәсіптің технологиялық жабдықтары

6В11201 — Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі

6В07204 — Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

6B07501 — Стандарттау, метрология және сертификаттау

7M04106 — Менеджмент (Executive MBA)

 Бұл жетістік университетіміздің білім сапасының жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар ішкі сапа менеджменті жүйесінің даму деңгейін де көрсетеді.

 Халықаралық аккредитация – студенттердің, жұмыс берушілер мен академиялық қауымдастықтың сенімін арттыруға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.

ҚарИУ өз түлектеріне еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті білім мен дағдыларды ұсыну бағытында дамуын жалғастыра береді!