ҚАРИУ-ДА №314 ДӘРІСХАНАСЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ СӘТТІ ҚОРҒАУ

«Құрылыс» кафедрасында ПГС-21к тобының студенттері дипломдық біліктілік жұмысын сәтті қорғады. Жобаның тақырыбы – «Шынайы кешенді дипломдық жоба: ҚарИУ жаңа корпусындағы №314 кабинетті қайта құру».

Жоба аясында бөлменің қазіргі жағдайын талдаудан бастап, кешенді дизайн шешімдерін әзірлеу, инженерлік сызбалар мен сметалық құжаттаманы жасау, кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарына дейінгі толық жұмыс циклі қамтылған. Бұл студенттердің теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар университет үшін өзекті қолданбалы міндеттерді шешу қабілетін де айқын көрсетті.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – салтанатты түрде лента қию рәсімі болды. Оны академиялық мәселелер жөніндегі проректор Галина Александровна Сивякова мен «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі Бауржан Ануарханович Базаров өткізді. Бұл жоба маңыздылығы мен практикалық бағыттылығын білдіретін нышан ретінде қабылданды.

Дипломдық жұмыс қорғау комиссиясы тарапынан жоғары бағаланды — тақырыптың өзектілігі, ұйымдастыру деңгейі және жобаның университеттің білім беру ортасына енгізілуі атап өтілді. Жобаның туған оқу ордасында іске асырылуы оқу үдерісі мен практикалық қызметтің тығыз байланысының жарқын мысалына айналды.

«Құрылыс» кафедрасы ПГС-21к тобының студенттерін сәтті қорғаумен құттықтап, кәсіби жолында толағай табыстар тілейді!

blank