ҚАРИУ-ДЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ МОЙЫНДАЛДЫ.

Қарағанды индустриялық университеті білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті!

ҚарИУ Халықаралық бағдарламалық аккредитациядан сәтті өтіп, мамандар даярлаудың жоғары деңгейін растады. Аккредитацияны Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) жүргізді.

Бұл жұмыс нәтижесінде келесі білім беру бағдарламаларының заманауи халықаралық академиялық стандарттарға және еңбек нарығы талаптарына сәйкестігі ресми түрде мойындалды:

  • 6B07104 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының нысандарының жылуэнергетикасы
  • 6B07111 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының нысандарының жылуэнергетикасы
  • 6B07301 Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс
  • 6B07201 Материалдарды қысыммен өндеу
  • 6B07101 Ораганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • 8D07103 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • 6B07103 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
  • 6B07203 Түсті металдар металлургиясы
  • 6B07205 Түсті металдар металлургиясы
  • 6B07202 Қара металдар металлургиясы
  • 6B07206 Қара металдар металлургиясы
  • 8D07202 Қара және түсті металдар металлургиясы

Халықаралық аккредитациядан өту — университеттегі білім беру сапасының жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, ішкі сапа менеджменті жүйесін дамытуға, сондай-ақ студенттер, жұмыс берушілер мен академиялық қауымдастық арасындағы сенімді нығайтуға септігін тигізеді.

Бұл жетістік ҚарИУ-дың халықаралық серіктестікті кеңейтуге бағытталған стратегиялық бағытының маңызды кезеңі болып табылады. Университет заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті білім мен дағдыларға ие түлектерді даярлауды жалғастыра береді.

blank