ҚАРИУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӨНІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

2025 жылғы 18 шілдеде Қарағанды индустриялық университетінде металлургтер күнін мерекелеуге арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара онлайн форматта Қазақстан мен Ресейдің жетекші салалық сарапшыларын жинап, Ұлттық инженерлік академиясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, Қазақстан металлургиясы саласының өзекті мәселелері мен даму болашағын талқылау, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар аясында ғылыми жобалармен жұмыс істейтін жас мамандарды қолдау.

Іс-шара барысында қатысушылар металлургия саласындағы қазіргі тенденциялар, инновациялық технологияларды енгізу, инженерлік кадрларды даярлау мәселелерін және елдер арасындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, болашақ инженерлер мен ғалымдар үшін үлгі болатын жеке жетістік тарихтарына ерекше көңіл бөлінді.

Дөңгелек үстелдің спикерлерінің бірі — Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, техникалық ғылымдардың докторы, профессор, Урал ғылыми академиясының металлургия институтының болат және ферросплавтар зертханасының меңгерушісі Олег Вадимович Заякин болды. Ол металлургиялық өндірістің шикізат қауіпсіздігі мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Өндіріс өкілінің, «Caspian Steel Limited» компаниясының өндіріс директоры Мурат Дүйсенович Жукеновтың баяндамасы да үлкен қызығушылық тудырды. Ол компанияның қатысуымен жүзеге асырылған негізгі жобалар, оның ішінде Ақтаудағы мұнай өндіру секторына арналған үлкен диаметрлі болат тіке тігісті құбырлар зауытының ашылуы және жаңа болат жолақ өндіріс технологиясының іске қосылуы жөнінде айтты.

Қарағанды индустриялық  университетінің жас зерттеушісі Мыңжасар Есмұрат Аманғалиұлының баяндамасы да ерекше қызығушылық тудырды. Ол 2025 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік Кореядағы Ханянг университетінде (Hanyang University) «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Спикер өз зерттеулерінің қазіргі нәтижелерін, тағылымдамадан алған тәжірибесін бөлісіп, Оңтүстік Кореядағы металлургияның негізгі даму бағыттарымен таныстырды.

Іс-шара университеттер, ғылыми мекемелер мен өндіріс орындарының өкілдерін біріктірді, бұл академиялық қауымдастық пен индустрия арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік берді. Zoom платформасы арқылы қатысу барлық қызығушылық танытқан аудиторияға, соның ішінде студенттерге, оқытушыларға және өндіріс саласының өкілдеріне қолжетімді болды.

Қарағанды индустрияльық университеті дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына алғыс білдіреді және мұндай шаралардың металлургия мен инженерлік ғылымның елдегі одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдіреді.