Хабарландыру
Толубаев К.С. диссертациялық жұмысын қорғау туралы
«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 Инженерия және инженерлік іс бағыты бойынша диссертациялық кеңесте (8D07101 – Инженериядағы нанотехнологиялар білім беру бағдарламасы) философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 8D07101 – Инженериядағы нанотехнологиялар білім беру бағдарламасы бойынша Толубаев Канат Сайлаужановичтің «Литий-ионды аккумуляторларға арналған кремний синтезінің перспективалық әдісін зерттеу және әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертация қорғалады.
Диссертациялық жұмыс «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасында орындалған.
Диссертацияның ұсынылу нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Ғылыми кеңесшілер:
- Кабиева Сауле Казжановна – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ «Химиялық технологиялар және экология» кафедрасының меңгерушісі, Теміртау қ., Қазақстан.
- Риад Таха Аль-Касасбех – философия докторы (PhD), профессор, Иордания университеті, Амман қ., Иордания.
Ресми рецензенттер:
- Исмаилов Данияр Валерьевич – философия докторы (PhD), «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КеАҚ Ақпараттық-ғарыштық технологияларды ұжымдық пайдаланудың ұлттық ғылыми зертханасының жетекшісі, Алматы қ., Қазақстан, докторлық зерттеу саласы бойынша 10-нан астам ғылыми жарияланымдары бар.
- Абуова Фатима Усеновна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасы, Астана қ., Қазақстан, докторлық зерттеу саласы бойынша 10-нан астам ғылыми жарияланымдары бар.
Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы:
- Агнешка Копия – техника ғылымдарының докторы, профессор (Prof. dr hab. inż.), Металтану және өндірістік информатика факультеті, AGH Ғылыми-техникалық университеті, Краков қ., Польша, Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін және Scopus деректер базасында СiteScore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын халықаралық рецензияланатын журналдарда докторлық зерттеу саласы бойынша 10-нан астам ғылыми жарияланымдары бар. Web of Science бойынша Хирш индексі – 13, Scopus бойынша Хирш индексі – 14.
- Галиева Альдана Рымжановна – философия докторы (PhD), «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ Ғылым департаментінің ғылыми қызметкері-постдокторанты, Қарағанды қ., Қазақстан, Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін және Scopus деректер базасында СiteScore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын халықаралық рецензияланатын журналдарда докторлық зерттеу саласы бойынша 5-тен астам ғылыми жарияланымдары бар. Web of Science бойынша Хирш индексі – 4, Scopus бойынша Хирш индексі – 4.
- Серикканов Абай Серикканович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Алматы қ., Қазақстан, Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін және Scopus деректер базасында СiteScore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын халықаралық рецензияланатын журналдарда докторлық зерттеу саласы бойынша 10-нан астам ғылыми жарияланымдары бар. Web of Science бойынша Хирш индексі – 7, Scopus бойынша Хирш индексі – 8.
Қорғау 2025 жылдың 3 қыркүйегінде сағат 11:00-де «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жанындағы 8D07101 – «Инженериядағы нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте мына мекен-жайда өтеді: 101400, Теміртау қ., Республика даңғ. 30, Н-201 аудиториясы.
Конференцияға сілтеме:
https://zoom.us/j/96932001445?pwd=9ja6iSvrFw00ftUN4nYGqLcQ5EmQaL.1
Конференция идентификаторы: 969 3200 1445
Кіру коды: 601580
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы: PhD Абишкенов М.Ж.
E-mail: 6D074000@tttu.edu.kz
⇓ Отандық ғылыми кеңесшінің пікірі
⇓ Шетелдік ғылыми кеңесшінің пікірі
⇓ Әдеп комиссиясының қорытындысы
⇓ Ресми рецензент Д.В. Исмаиловтың жазбаша пікірі
⇓ Ресми рецензент Ф.У. Абуованың жазбаша пікірі
⇓ Диссертацияны қорғау жөніндегі ДК отырысының хаттамасы (03.09.2025 жылғы №2 хаттама)
⇓ К.С. Толубаевтың диссертациясын қорғау бейнежазбасы (03.09.2025 ж.)
