БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ: ҚАРИУ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА КӨЗҚАРАСЫ

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы еліміздің технологиялық тұрғыдан дамыған және экономикалық жағынан қуатты Қазақстанды құруға бағытталған айқын әрі батыл бағытты көрсетті. Жолдауда айтылған бастамалардың көпшілігі Қарағанды индустриалдық университеті жұмыс істейтін және дамып жатқан бағыттармен тікелей байланысты.

Жасанды интеллект министрлігінің құрылуы мен суперкомпьютердің іске қосылуы — бұл еліміздің цифрлық серпіліске шындап бет бұрғанының айқын дәлелі. ҚарИУ — елімізде алғашқы болып жасанды интеллект технологиялары кафедрасын ашқан жоғары оқу орны ретінде осы салада отандық кадрлар мен шешімдерді дайындауға өз үлесін қосуға дайын.

Цифрлық кодексті жедел қабылдау, Мемлекеттік цифрлық активтер қорын және Реттеуші интеллект орталығын құру шешімі де өте өзекті. Бұл blockchain, жасанды интеллект және цифрлық экономика сияқты жылдам дамып жатқан салаларды икемді түрде реттеуге мүмкіндік береді. Университеттік ортада бұл бастамалар ғылыми-зерттеулер мен стартап жобаларды кеңейтуге жол ашады деп білеміз.

Президент өндірістік саясатқа ерекше назар аударды: импортқа тәуелділікті азайту, экспортты ынталандыру, нақты секторды дамыту және жастардың инженерлік мамандықтарға қызығушылығын арттыру. Бұл — біздің университеттің басты миссиясымен толық үйлеседі: өнеркәсіп, оның ішінде тау-кен металлургия саласы үшін білікті мамандар даярлау және отандық кәсіпорындардың технологиялық бастамаларын қолдау.

Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жаңарту, көлік пен құрылыс салаларындағы жаңа шешімдерді (оның ішінде жасанды интеллект арқылы) дамыту, су ресурстарын экологиялық және цифрлық түрде басқаруға көшу — мұның бәрі университеттің қатысуына болатын пәнаралық жобалар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

Жолдау бізді алға жылжуға шабыттандырады және тағы да бір нәрсені нақты көрсетеді: болашақ — ғылымда, технологияда, білімде және қуатты өнеркәсіпте. ҚарИУ мемлекет және өндіріс саласындағы басым бағыттармен тығыз байланыста жұмысын жалғастыра отырып, өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, сол өзгерістерді Қазақстанның жүрегінде өз қолымен жасай алатын жаңа буынды дайындауға дайын.

blank
blank
blank