Экономика ғылымдарының магистрі Файез Вазани Абдул Валид пен КарИУ кафедрасының профессоры Зоя Салиховна Гельманова 2025 жылғы 15 қыркүйекте Ресей Федерациясының Пенза қаласында өткен «ЖЫЛДЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ – 2025» атты ХХ Халықаралық ғылыми-зерттеу байқауына табысты қатысып қайтты.
Олардың «Цифрлық және энергетикалық технологияларды жаңартылатын энергетикаға интеграциялаудың экономикалық тиімділігі: Сарань КЭС мысалында» атты ғылыми жұмысы үздіктердің бірі деп танылып, ғылыми еңбектер жинағына енді.
Байқау нәтижесінде Файез Вазани Абдул Валид пен Зоя Салиховна Гельманова экономика ғылымдары секциясы бойынша бірінші орын дипломымен марапатталды.
Бұл жетістік – экономикалық және энергетикалық саладағы инновацияларға ұмтылыстың, сондай-ақ жоғары деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жарқын дәлелі. Ғалымдарымызды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы ғылыми әрі кәсіби қызметтеріне толағай табыстар тілейміз!

