Қарағанды индустриялық университеті ERASMUS+ халықаралық жобасы «Green Deal for Central Asian Universities (GDCAU)» (2024–2027) аясында Тұрақты технологиялар және жасыл даму орталығын (Green Deal Center, GDC) ашты.
Жоба Орталық Азия университеттерінің тұрақты даму үдерісіндегі маңызды қатысушы рөлін күшейтуге және оларды Еуропалық жасыл келісімді іске асыруға интеграциялауға бағытталған.
Жобаның негізгі міндеттеріне тұрақты және қалпына келтірілетін даму саласындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру, университеттердің ESG-көрсеткіштерін нығайту, сондай-ақ жоғары оқу орындары, бизнес және өңірдің әлеуметтік құрылымдары арасындағы серіктестікті дамыту кіреді.
Тұрақты технологиялар және жасыл даму орталығы жоба қатысушылары арасындағы коммуникация мен тәжірибе алмасудың негізгі алаңына айналады. Ол университеттер, «жасыл» компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар және ЕО мен Орталық Азия елдерінің салалық министрліктері арасындағы өзара іс-қимыл үшін хаб және оқыту кеңістігі қызметін атқарады.
Орталық ашық ғылым қағидаттарын ілгерілетуге, жергілікті кәсіпорындардың экологиялық тұрақтылығын бағалауға және олардың «жасыл экономикаға» көшуіне қолдау көрсетуге бағытталған. Мұнда экологиялық инновациялық шешімдерді дамытуға және қоғамдағы экологиялық сананы арттыруға бағытталған білім беру, ғылыми және практикалық бастамалар жүзеге асырылады.
GDCAU жобасы Еуропа мен Орталық Азияның жетекші университеттерін біріктіреді: Constructor University Bremen (Германия), Slovak University of Agriculture in Nitra (Словакия), University for Continuing Education Krems (Австрия), сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан университеттері.
Жобаның халықаралық форматы тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулерге және тұрақты даму саласындағы заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ықпал етеді.
QS – Asia соңғы рейтингіне сәйкес, Орталық Азия университеттері оң динамика көрсетіп, халықаралық білім кеңістігіндегі позицияларын нығайтып келеді. Бұл тұрақты даму және «жасыл» технологиялар саласындағы бірлескен бастамалардың өзектілігі мен маңыздылығын растайды.
Тұрақты технологиялар және жасыл даму орталығының ашылуы тұрақты ойлау мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапты көзқарасты дамытуға және экологиялық білім саласына инновациялар енгізуге жасалған маңызды қадам болып табылады.




