2025 жылғы 25 желтоқсанда «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2025 жылғы қорытынды отырысы өтті. Аталған отырыс мазмұнды әрі нәтижелі өткен жылдың қорытындысын айқындады.
2025 жыл университет пен Директорлар кеңесі үшін белсенді және жүйелі жұмыс кезеңі болды. Есептік кезеңде Директорлар кеңесінің 9 отырысы, сондай-ақ Кеңес жанындағы комитеттердің 16 отырысы өткізілді. Директорлар кеңесінің мүшелері университет ұжымымен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасай отырып, университетті дамыту, басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ университеттің цифрлық трансформацияға кезең-кезеңімен көшу мәселелерін талқылады. Аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі және жоспарлы негізде жүзеге асырылуда.
Қорытынды отырыс барысында университеттің одан әрі дамуын айқындайтын стратегиялық маңызы бар шешімдер қаралып, бекітілді. Атап айтқанда, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-ның 2025–2029 жылдарға арналған Даму жоспарын (2026 жыл кезеңі) жыл сайын нақтылау, Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары, ұйымдық құрылымға енгізілетін өзгерістер, ішкі нормативтік құжаттар, Директорлар кеңесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, сондай-ақ университеттің комплаенс-офицерін тағайындау мәселелері қаралды.
2025 жылы корпоративтік басқаруды дамыту шеңберінде маңызды кезеңдер іске асырылды: Директорлар кеңесінің жаңа құрамы қалыптастырылды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі, Ішкі аудит қызметі және Омбудсмен өз қызметтерін жүйелі әрі тиімді түрде жүзеге асырды. Сонымен қатар басқару және білім беру үдерістеріне цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл қабылданатын басқарушылық шешімдердің ашықтығын, тиімділігін және сапасын арттыруға ықпал етуде.
Жыл қорытындысы бойынша университеттің Даму бағдарламасының тұрақты іске асырылып жатқаны, халықаралық ынтымақтастықтың белсенді түрде кеңеюі, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасын және университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған цифрлық трансформация жолындағы ілгерілеуі атап өтілді. Қарағанды индустриялық университетінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі айтарлықтай күшейді.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жоғары білім беру жүйесін дамытудағы стратегиялық көзқарасы мен жүйелі қолдауы үшін ерекше алғыс білдіріледі. Министрліктің дәйекті мемлекеттік саясаты мен тұрақты қолдауы университеттің орнықты дамуына берік негіз қалайды.
Университет ұжымы мен серіктестерін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа амандық, сенім мен шабыт әкелсін, ал университетке жаңа жетістіктер, берік ынтымақ және мақтанышқа толы табыстар сыйласын. Жоспарланған барлық міндеттер толық жүзеге асып, атқарылған жұмыстар лайықты нәтижесін берсін.
Директорлар кеңесінің төрағасы
«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ
Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы
