«ҰЖЫМ ЭНЕРГИЯСЫ»: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СПОРТ, АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ БІРЛІК

 

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 22 қаңтар күні Қарағанды индустриялық университетінің спорт кешенінде «Ұжым энергиясы» атты жыл сайынғы спартакиада өтті. Аталған іс-шара спортты, салауатты өмір салтын және адал ойын қағидаттарын біріктірді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — дене тәрбиесі кафедрасы.

Жарыстар спорттың 7 түрі бойынша өткізілді: дартс, дойбы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және волейбол. Спартакиада ҚарИУ мен Техника-экономикалық колледждің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған жыл сайынғы Денсаулық күні аясында өтіп, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.

Антикоррупциялық құндылықтарға ерекше назар аударылды. Үстел теннисі жарыстары барысында «Заң мен тәртіп» акциясы анимациялық қуыршақтың қатысуымен өтті. Аталған акция символикалық түрде сыбайлас жемқорлықтың әрқашан адал әрі ашық бәсекеде жеңіліске ұшырайтынын көрсетті.

ҚарИУ комплаенс-офицері С. Ибрагимова түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратты, заңды сақтаудың және әр адамның жеке жауапкершілігінің маңыздылығын еске салды.

ЖАРЫС НӘТИЖЕЛЕРІ

Дартс

Әйел кісілер:

Г. Есболова

Г. Галкина

Н. Попова, С. Дацюк

Ер кісілер:

А. Есболат

Н. Досов

Б. Ержанов

Асық ату:

Б. Туганбетов

Н. Досов

Н. Бурхан

Тоғызқұмалақ:

К. Чаймурат

Ш. Серикова

Н. Айкенбаева

Үстел теннисі

Әйел кісілер:

А. Шушибаева

А. Конакбаева

Ж. Сапар, О. Бнятова

Ер кісілер:

А. Алешков

С. Кузьмичев

Р. Валиуллин

Шахмат

Ер кісілер:

Р. Валиуллин

А. Костюк

В. Носов

Әйел кісілер:

К. Чаймурат

Е. Ким

А. Солтан

Дойбы

Ер кісілер:

А. Байбакыт

А. Тасбергенов

Б. Ержанов

Әйел кісілер

К. Чаймурат

М. Уксукубаева

Н. Айкенбаева

Волейбол:

Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің командасы

ҚарИУ жанындағы Техника-экономикалық колледж командасы

Университет командасы

«Ұжым энергиясы» спартакиадасы адал бәсекенің, бірліктің және заңға құрметтің мықты әрі салауатты қоғамның негізі екенін айқын көрсетті.


Просмотров: 6