Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны
08.09.2025 жылғы №1 шешім, сырттай
Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері
- Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім беру академиясының президенті.
- Жүсіпов Арман Нұртайұлы – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаменті құқықтық жұмыс басқармасының басшысы.
- Жаутиков Бахыт Ахатұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры.
- Быков Владимир Анатольевич – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының директоры (келісім бойынша).
- Зияшева Айжан Қанатқызы – «Qarmet» АҚ-ның оқыту, дамыту және персоналды іріктеу жөніндегі директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).
Қаралған мәселелер:
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректорды қызметінен босату туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ комплаенс-офицерін қызметінен босату туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ ұйымдық құрылымындағы жекелеген департаменттердің және олардың құрамындағы бөлімдердің атауларын өзгерту туралы.
