БУЛЕКОВА ГЛУЗАТ АБИЛКАСЫНОВНА – Техника ғылымдарының магистрі, «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.
Білімі
2018 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Кәсіптік оқыту» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша бітірген, «бакалавр» біліктілігі берілген.
2018-2020 жылдары Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде магистратура оқып, «Металлургия» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолы
2017-2020 жылдары «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК – химик лаборант болып еңбек жолын бастады
2020-2021 жылдары «Мектеп–интернат-колледжінде» Арнайы пәндер оқытушысы және өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы болып табылады.
Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 2 жыл. Негізгі ғылыми бағыты – кешенді ферроқорытпаларды балқыту үшін шикізатты зерттеу және талдау. Қазақстанда осы тақырып бойынша халықаралық конференцияларда баяндамалар жасалды және 5-тен астам мақала жарияланды, олардың 1-і Scopus-та.
[/kk]