6В07202 – «ҚАРА МЕТАЛДАР МЕТАЛЛУРГИЯСЫ»

Болашақ бакалаврлар домна пешінде балқыту, оттегі-конвертерлік процесс және электр балқыту, болатты пештен тыс өңдеудің әртүрлі әдістері мен құю параметрлерін технологиялық есептеу дағдыларын алады; металлургиялық агрегаттар мен цехтарды жобалау дағдылары; металлургиялық сараптама негіздерімен танысады.

Түлектер металлургия және машина жасау кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау ұйымдарында технологиялық инженерлер мен жобалаушы инженерлер ретінде жұмыс істей алады.

ОҚУ ТҮРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ

Күндізгі оқыту нысаны – 4 жыл

Күндізгі қысқартылған түрі-2,5 жыл

ҚО күндізгі оқу нысаны – 2,5 жыл (техникалық және кәсіптік білім беру базасында)

ҚО күндізгі оқу нысаны – 2,5 жыл (екінші жоғары білім негізінде)

СІЗ КІМ БОЛАСЫЗ

– Қара металлургия саласындағы инженер-металлург

– Металл балқыту жөніндегі инженер – технолог

– Металлургиялық жабдықтың сенімділігі жөніндегі инженер

– Металлургия саласындағы маман-рециклер

– Металлургиялық жабдықтың супервайзері

ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮЛЕСІ93%

БЕЙІНДІК ПӘНДЕР:

Математика (min 5 балл)

Физика (min 5 балл)

ГРАНТТАР САНЫ:

2019 жыл – 1770

2020 жыл – 1652

ӨТУ БАЛЫ:

2019 жыл – 57

2020 жыл – 50