Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны
20.04.2024 жылғы №2/24 хаттама, күндізгі
Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері
- Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы – «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі.
- Быков Владимир Анатольевич – Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚР Жеке кәсіпкерлікті дамыту және жәрдемдесу қауымдастығы» ҚБ төрағасы, Тәуелсіз директор (келісім бойынша).
- Күлпейісов Ернар Дауылұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының директоры Тәуелсіз директор (келісім бойынша).
Қаралған мәселелер:
- «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ әкімшілік шығыстарына, оның ішінде 2023 жылға еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру тәртібі бойынша мониторинг жүргізу және бақылауды ұйымдастыру туралы (Баяндамашы-Ішкі аудит қызметінің басшысы Әбенова М.Х.).
- Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі туралы (Баяндамашы-Комплаенс-офицер Салпенова М.М.).
- «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ стратегиялық даму жоспарының орындалуы туралы есеп. 2023 жылдың қорытындысы (Баяндамашы – Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Сивякова Г.А.).
- ҚР ҒжБМ 10.04.2024 ж. №162 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда – «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-ректорын сайлау (тағайындау) және Басқарма мүшелерін сайлау жөніндегі Ережені бекіту туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы.
Шақырылғандар:
Ішкі аудит қызметінің басшысы М. Х. Абенова, Комплаенс-офицер М. М. Салпенова, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Г. А. Сивякова.