«Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар (04.09.2024 ж. №433 бұйрық):
- «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелері Плохих Наталья Васильевна, Қашқынбеков Арман Қайырберліұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына сайланды:
1) Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов – Қазақстан заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығы (KazSEE) Президентінің кеңесшісі, тәуелсіз директор ретінде (келісім бойынша).
2) Зияшева Айжан Қанатқызы- «Qarmet» АҚ оқыту, дамыту және персоналды іріктеу жөніндегі директоры, тәуелсіз директор ретінде (келісім бойынша).