Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны
11.10.2024 жылғы №7/24 хаттама, күндізгі
Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері
- Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы - «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім академиясының Президенті.
- Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі.
- Жаутиков Бахыт Ахатұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры.
- Быков Владимир Анатольевич - Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚР Жеке кәсіпкерлікті дамыту және жәрдемдесу қауымдастығы» ҚБ төрағасы, Тәуелсіз директор (келісім бойынша).
- Зияшева Айжан Қанатқызы - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Qarmet» АҚ оқыту, дамыту және персоналды іріктеу жөніндегі директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша)
Қаралған мәселелер:
- Директорлар кеңесінің және Комитеттер құрамын бекіту туралы.
- 2024-2025 оқу жылына арналған «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ штат санын бекіту туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы жылдық аудиторлық жоспарды орындау жөніндегі ішкі аудит қызметінің есебі.
- 2023 жылғы «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ қызметі туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен негізгі ережелерін сақтау / сақтамау туралы есепті бекіту туралы.
- 2024 жылғы қаңтар-маусым аралығында қабылданған Директорлар кеңесінің шешімдерін орындау туралы.
Ішкі аудит қызметі басшысының жалақысын арттыру туралы.
Шақырылғандар:
- «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы Абенова М.Х.;
- «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Г. А. Сивякова.