1991 жылы «Металдар және қайтарымды материалдар өндірісінің технологиясы» Республикалық ғылыми журналы жарық көрді. 2013 жылы оның атауы «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Жаршысы» болып өзгертілді, бұл журналда ғылыми жаңашыл және іс жүзінде қолдануға жарамды маңызды, зерттеу сипатындағы өзекті ғылыми жұмыстар жарияланады.
- Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген (30.04.2013 ж. № 13579-Ж тіркеу куәлігі).
- Журнал ISSN 2309-1177 халықаралық нөмірін берумен ISSN (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) сериялық басылымдарды тіркеу бойынша халықаралық орталықта тіркелген

- Журналдың жазылу индексі 71946.
- Қазақстандық дәйексөз негізінде журналдың 2017 жылы 0,057-тең импакт-факторы бар.
Негізгі тақырыптық бағыты: жалпы білімдік және фундаменталды (базалық) пәндер, тіршілік қауіпсіздігі, химиялық технологиялар, экономика, автоматтандыру және есептеу техникасы, технологиялық машиналар және кәлік, энергетика, машинажасау, құрылыс, жаңа материалдар технологиялары, металлургия саласындағы мәселелердің кең спекторы бойынша ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау.
Журналдың редакциялық саясаты:
- мақалаларды рәсімдеу бойынша авторларға арналған нұсқау;
- жарияланымдардың әдеп талаптары;
- мақалаларды рецензиялау тәртібі.
Журнал Бөлімдері:
1 бөлім. Металлургия, жаңа материалдар технологиясы.
2 бөлім. Машина жасау, Технологиялық машиналар және көлік, құрылыс.
3 бөлім. IT-технологиялар, энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы.
4 бөлім. Экономика. Жалпы білім беру, әлеуметтік-гуманитарлық және іргелі пәндер.
5-бөлім. Химиялық және фармацевтикалық технологиялар. Тіршілік қауіпсіздігі.
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Жиілігі: тоқсанына 1 рет (жылына 4 рет).
Мақалалар белгіленген кесте бойынша қабылданады:
№ 1 (наурыз) - ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін;
№ 2 (маусым) — ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін;
№ 3 (қыркүйек) - ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін;
№ 4 (желтоқсан) — ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін.
Журналдың шығу мерзімі-наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан.
Журналдың таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шет елдер.
Журнал "Қарағанды индустриалды университеті" КЕАҚ сайтында электронды түрде жарияланады.

