Minor (Минор) қосымша білім беру бағдарламасы — қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушылар зерделеу үшін айқындаған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.
Minor барлық бакалавриат студенттеріне таңдау үшін ұсынылады. Әрбір білім алушы оқу үшін бір Минорды таңдауға міндетті. Minor бакалавриаттың екінші (типтік базада қысқартылған бағдарламалар бойынша білім алушылар үшін) және үшінші курста (толық оқу мерзімімен) оқиды.
Minor дәйекті түрде оқылатын төрт пәннен тұрады, 20 кредиттің еңбек сыйымдылығы (әр пәннің еңбек сыйымдылығы – 5 кредит).
Қосымша білім беру бағдарламасының — Minor пәндерін білім алушылар таңдау компоненті пәндері шеңберінде оқиды және олардың көлемі техника және технологиялар бакалавры дәрежесін беру үшін қажетті академиялық кредиттердің (негізгі бағдарламаның 240 кредиті) жалпы көлеміне кіреді.
MINOR БАҒДАРЛАМАЛАР: | ||
Minor «IT-технологиялар» | Minor « Экономика және басқару» | |
Алгоритмизация негіздері Ақпараттық қауіпсіздік негіздері Сандық технологиялар мен жасанды интеллект негіздері Мәліметтер базасы |
Менеджмент Ұйымдастыру және өндірісті жоспарлау Қаржылық сауаттылық және шешім қабылдау тиімділігі Еңбек экономикасы |
|
Minor «3D инжинирингі» | Minor «Толық металлургиялық циклмен өндіріс» | |
Аддитивті технологияға кіріспе 3D үлгілеу жүйелері және AI 3D генераторлары 3D баспа құралдары мен компоненттері 3D сканерлеу және цифрландыру негіздері |
Металдарды қысыммен өңдеу технологиясына кіріспе Металдарды қысыммен өңдеу цехтарын жабдықтау Қара және түсті металдар металлургиясына кіріспе Қара және түсті металдарды өндіру технологиясы |
Minor каталогы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 2025-2026 оқу жылына MINOR БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА тіркелу 10 мамырға дейін ашық