Жобаның атауы:
Green Deal Central Asian Universities (GDCAU) (Орталық Азия университеттері үшін жасыл мәміле)
Бағдарлама: Erasmus+ Capacity Building in Higher Education (CBHE)
Іске асыру кезеңі: желтоқсан 2024 – желтоқсан 2027.
Жоба үйлестірушісі: Constructor University Bremen (Германия)
Жобаға қатысушылар:
- Constructor University Bremen, Германия
- Slovak University of Agriculture in Nitra, Словакия
- University for Continuing Education Krems, Австрия
- Eurasian Technological University (Еуразиялық технологиялық университеті), Алматы, Қазақстан
- Aba Annayew International Academy of Horse Breeding (Аба Аннаев атындағы халықаралық жылқы шаруашылығы академиясы), Аркадаг, Түрікменстан
- Karaganda Industrial University (Қарағанды индустриалдық университеті), Теміртау, Қазақстан
- Bishkek State University (Бішкек мемлекеттік университеті), Бішкек, Қырғызстан
- University of Central Asia Kyrgyzstan (Орталық Азия университеті, Нарын, Қырғызстан)
- University of Central Asia Tajikistan (Орталық Азия университеті, Хорог, Тәжікстан)
- Khorog State University named after M. Nazarshoev (М. Назаршоев атындағы Хорог мемлекеттік университеті), Тәжікстан
- Tashkent Kimyo International University (Ташкент халықаралық Кимё университеті), Ташкент, Өзбекстан
- Toshkent Irrigasiya va Qishloq Xo‘jaligini Mexanizatsiyalash Muhandislari Instituti (Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты), Ташкент, Өзбекстан
- Yagshygeldi Kakaev International University of Oil and Gas (Ягшигелди Каканов атындағы халықаралық мұнай және газ университеті), Ашхабад, Түрікменстан
Жобаның мақсаты:
Орталық Азия университеттерінің тұрақты даму, жасыл экономика және цифрландыру саласындағы әлеуетін арттыру үшін «Жасыл келісім» орталықтарын құру, оқу бағдарламаларын жаңарту және университеттер, бизнес пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты күшейту..
Негізгі міндеттер:
- Орталық Азия университеттерінде Green Deal Centers (GDC) желісін құру және дамыту;
- тұрақты даму, ESG және жасыл технологиялар бойынша оқу курстары мен магистратура бағдарламаларын енгізу;
- оқытушылардың біліктілігін арттыру және студенттерді тәжірибелік және зерттеу жобаларына тарту;
- жасыл инновацияларды қолдау үшін университеттер мен бизнес арасындағы серіктестіктерді дамыту;
- жобаның нәтижелерін тарату және Орталық Азияда жасыл трансформация қағидаттарын ілгерілету.
Күтілетін нәтижелер:
- жабдықталған Green Deal Centers (GDC) орталықтарын құру және олардың GDCAU.eu жобалық сайтімен байланысты цифрлық беттерін іске қосу;
- тұрақты даму саласында 2 жаңа оқу курсын әзірлеу және кемінде 8 қолданыстағы курсты жаңарту;
- бірлескен магистратура бағдарламасын әзірлеу және оны ұлттық аккредитацияға тапсыру;
- әр университеттен 1–2 оқытушыны Еуропада даярлау және кемінде 20 оқытушыны жергілікті деңгейде оқыту;
- кемінде 500 студентті жаңа немесе жаңартылған курстарға тарту;
- кемінде 200 тәжірибе мен 20 студенттік мобильділік (виртуалды форматты қоса) ұйымдастыру;
- кемінде 3 сыртқы серіктеспен ынтымақтастық орнату және академиядан тыс ортадан кемінде 10 өкілді оқыту;
- жоба туралы кемінде 30 жарияланым және 4 әлеуметтік желідегі пост орналастыру;
- ЕО-ға бірлескен жобалық өтінім (жаңа жоба) дайындап тапсыру;
- іс-шаралар, жарияланымдар және оқыту арқылы кемінде 1000 адамды қамту.
