Магистратура

Қарағанды индустриялық университеті инженерлік, техникалық, экономикалық және басқарушылық бағыттардың кең спектрін қамтитын 22 магистратураның заманауи білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұсынады.
ҚарИУ магистратурасында білім беру - бұл:
  • Тереңдетілген кәсіби білім
  • Тәжірибеге бағытталған тәсіл
  • Ғылыми зерттеулер мен мансаптық өсу мүмкіндіктері
ҚарИУ-да магистратура: кәсіби және ғылыми өсуге қадам
Қарағанды индустриялық университеті мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы оқу нысаны негізінде магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асырады.
Магистратура – «магистр» дәрежесін бере отырып, білікті мамандар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі.
Дайындық бағыттары
Оқыту екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Бейінді магистратура

  • Оқу мерзімі: 1 - 1,5 жыл
  • Мақсаты: тереңдетілген қолданбалы білімі бар кәсіби менеджерлер мен мамандарды даярлау.

2024 жылдың жаңа бағдарламасы - Executive MBA (EMBA):

  • EMBA - бұл басқарушылық мансаптың жаңа деңгейіне шығуға ұмтылатын мамандар мен басшыларға арналған қарқынды бағдарлама.
  • Оқу мерзімі: 1 жыл
  • Бағдарлама стратегиялық ойлауға, көшбасшылыққа, өзгерістерді басқаруға және бизнесті цифрлық трансформациялауға бағытталған. Жұмыс пен оқуды қатар алып жүргендер үшін таптырмас таңдау.

Ғылыми және педагогикалық магистратура

  • Оқу мерзімі: 2 жыл
  • Мақсаты: жоғары білім және ғылым саласы үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау
  • Ерекшеліктер:
  • іргелі ғылыми-әдістемелік дайындық
  • ғылыми зерттеулер әдістемесін меңгеру
  • жоғары оқу орындарында сабақ беру және ғылыми қызметпен айналысу мүмкіндігі
Магистратурада міндетті түрде жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылған.
Келушілерге қойылатын талаптар:
Пререквизиттердің болуы - міндетті шарт. Олар болмаған жағдайда ақылы негізде алдын ала оқу мүмкіндігі қарастырылған.
Оқу формасы нысаны:Тек күндізгі.
ҚарИУ магистратурасының түлегі - заманауи технологияларды меңгерген, ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге, оқытушылық, зерттеушілік және басқарушылық қызметті жүргізуге қабілетті жоғары білікті маман.

ҚарИУ білім беру бағдарламалары

ҚарИУ білім беру бағдарламалары Білім беру бағдарламаларының топтары
7М04103/ 7М04104 Экономика М070 Экономика
7М07110/7М07111 Автоматтандыру және басқару M100 Автоматтандыру және басқару
7М07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы М097 Химиялық инженерия және процестер
7М07106/7М07109 Материалтану және материалдар нанотехнологиясы М101 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
7М07112/7М07113 Электр энергетикасы М099 Энергетика және электротехника
М103 Механика және металл өңдеу 7М07101/7М07104 Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы
7М07103/7М07105 Технологиялық жабдық инжинирингі
7М07114 Көліктік-технологиялық жүйелер инжинирингі М104 Көлік, көлік техникасы және технологиясы
7М07203/7М07204 Қара және түсті металдар металлургиясы М117 Металлургиялық инженерия
7М07206 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы М119Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
7М07301/7М07302 Ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың теориясы мен технологиясы М124 Құрылыс
7М11201 Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік М150 Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар
7M04106 Менеджмент (EMBA) М072 Менеджмент және басқару
7M07101/ Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы 7M07104 М103 Механика және металл өңдеу
Қаладан тыс және шетелдік магистранттарға оқудың барлық кезеңінде жайлы жатақхана ұсынылады.
Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:
  • +7 (7213) 91-42-34
  • +7 (701) 430 64 14.
  • +7 (755) 989 45 43
  • +7 (702) 908 00 86