БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА БІЛІМ АЛУДА
Жоғары білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қарағанды индустриалды университетінің студенттері Coursera платформасында білім алуда. Coursera-Стэнфорд университетінің информатика профессорлары Эндрю Ын мен Дафна Коллер негізін қалаған жаппай онлайн білім беру жобасы. Оның аясында онлайн-курстар жиынтығы түрінде интернетте білім беру материалдарын жариялау жобасы бар. Жоба жүйеде әртүрлі білім салалары бойынша курстар жариялайтын және жүргізетін университеттермен ынтымақтасады. Тыңдаушылар курстардан өтеді, курстастарымен байланысады, тесттер мен емтихандарды тікелей Coursera сайтында тапсырады, сонымен қатар iPhone және Android үшін ресми мобильді қосымша таратылады. Coursera-да 87 миллион қолданушы және 149 білім беру мекемесінен 4300-ден астам курстар мен 430 мамандықтар тіркелген. Coursera куәландыратын «кәсіби сертификаттау» студенттің резюмені жақсартатын және жоғары ақы төленетін жұмысқа сәтті орналасу мүмкіндігін арттыратын салада танылған аккредитациямен білім алуын қамтамасыз етеді. ТФП-21к-3 тобының студенттері Түлкібай Назым, Жұмабай Динара және Түркүл Венера Калифорния университетінің USL (АҚШ) «ХХІ ғасырдағы жұмыс орнындағы қарым-қатынас» курсын сәтті аяқтап, философия пәні бойынша сертификат алды. 3 курс студенттері Иллинойс университетінің (АҚШ) Бизнес жоспарлау пәні бойынша Кәсіпкерлік I: іргетасын қалау» курстарында оқиды, мысалы 3 курс студенті Акимов Асхат курсты сәтті өтіп, сертификат алды. Жалпы КарИУ-ға 700 орын бөлінген және студенттер оқу барысында білім алуда.
Просмотров: 1 734