ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қарағанды индустриялық университеті Тұңғыш Президент кітпаханасында өткен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» семинар-тренингіне қатысты. Zoom платформасында өткен семинарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауы және басқа да бағдарламалық құжаттары бойынша алға қойған негізгі міндеттер мен мақсаттармен таныстық. Сонымен қатар, тренингтер барысында жоба құру және командада жұмыс істеу тәжірибесін алдық. Ол стратегиялық ойлаудың қалыптасуына ықпал етті. Еліміздің өркендеу жолында біз, жастар үшін, әсіресе, ағартушылық маңызды, өйткені Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда. Ал бізден өз кезегінде білімге ұмтылу, өзін-өзі жетілдіру, бәсекеге қабілетті білікті маман болу талап етіледі.