Ол 2010 жылдан бастап жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі бөлімі студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді.
Конкурсқа қатысу үшін келесі талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасы оқу орындарының күндізгі бөліміндегі студенттерді шақырамыз:
• кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтағандар;
• әр оқу жылы үшін жоғары оқу жетістіктерінің (оқу үлгерімі жақсы) болуы;
• қоғамдық және ғылыми жұмыстарға белсенді қатысу.
• республикалық, халықаралық фестивальдар мен конкурстарда жетістіктері бар («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқу орындарының студенттері үшін).
Айта кетерлігі, байқауға барлық талаптарға сай, тегін де, ақылы да оқитын студенттер тең шарттармен қатыса алады. Қордың шәкіртақылары жеке болып табылады, бір оқу жылына (екі семестр) белгіленеді және маусым, шілде және тамыз айларын қоспағанда, ай сайын төленеді.
Өтінім беру мерзімі: 8 қыркүйек, 2023 ж
Өтінімді жібермес бұрын марапаттау ережелерін мұқият оқып шығу ұсынылады. Олар төменде орналастырылған.
Ережелер мен өтінім формасын Қордың веб-сайтынан жүктеп алыңыз:
Қаз. https://www.fnn.kz/kz/competition/69
Рус. https://www.fnn.kz/ru/competition/69
Құжаттар мына мекенжайға жіберіледі:
Қазақстан Республикасы, 050045 (A17A9K8), Алматы қ., ықш. Бағанашыл, көш. Строительная, 11/1, Нұрсұлтан Назарбаев қоры
Ақпарат алу үшін байланыстар:
• Жоғары оқу орындарының студенттері үшін – 8 727 339 65 38, roza@fnn.kz (Едигеева Роза Макашевна).
• «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқу орындарының студенттері үшін – 8 727 339 65 40, tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Муратович).
Просмотров: 440