ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «ДЕНСАУЛЫҚ» ФЕСТИВАЛІ ӨТКІЗІЛДІ

 

Бүгін «Бірінші курс» апталығы аясында Дене шынықтыру секциясы 1 курстың барлық студенттеріне дәстүрлі «Денсаулық» фестивалін өткізді.

Фестивальдің негізгі мақсаты 1 курс студенттерінің ұйымшылдық деңгейін, спорттық дайындығын бағалау, сонымен қатар студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Қарағанды индустриялық университеті – салауатты өмір салтын ұстанатын университет, мұнда әрбір студент міндетті түрде өзіне ұнайтын спорт түрімен айналысады. Университеттің спорт ғимаратында 9 тегін спорт секциялары (футбол, волейбол, баскетбол, дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ, асық, үстел теннисі, күш фитнесі) тұрақты жұмыс істейді.

Сондай-ақ, университетімізде 5 жылдан бері «ҚарИу – салауатты өмір салты аумағы» жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында жарқын спорттық жарыстар, спартакиада, «Денсаулық» фестивалі және көптеген қызықты іс-шаралар өткізіледі. Фестиваль бағдарламасы әдеттегідей өте қызықты болды. Бірінші курс студенттері барлық эстафеталарға ықыласпен қатысып, командалық рух пен жеңіске деген табанды ерік-жігерін көрсетті.

Бірінші курс студенттерінің айтуынша: «Мұндай іс-шаралар қатысушылардың спорттық шеберлігін шыңдап, командалық рухты дамытуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын ұстану пайдалы және сәнді.

Жарыстар мен эстафеталар «#Біз салауатты өмір салтыүшін» ұранымен сауықтыру сипатында өтті.


Просмотров: 266