ҚАРИУ ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

 

Қарағанды облысының дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері бүгін Қарағанды индустриялық университетінің студенттеріне радикалды діни-деструктивті ағымдарды шақырушылардың ықпалына түсіп қалмау жолдарын, сондай-ақ интернеттегі күмәнді сайттардың қауіптілігі туралы айтып берді.

Лола Сергеевна Шакимова – педагогика және психология магистрі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы, қоғамдағы этносаралық қатынас бойынша семинардың интерактивті бөлімінің тренері; Нұрхан Әлиұлы Нұрмаханов – «Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ басшысы және Қарағанды облысы Дін істері басқармасының маман теологы Тұрапбай Марат Нұрғалиұлы дәріс оқыды.

Кездесу тақырыбы – интернеттегі күмәнді сайттардың өскелең ұрпаққа зиянын түсіндіру. Расында да, бүгінгі таңда жастарды деструктивті діни ағымдарға тартудың маңызды факторларының бірі – әлеуметтік желілердегі деструктивті қауымдастықтарға, топтарға, соның ішінде күмәнді жалған исламдық ресурстарға жазылу болып табылады.

Іс-шара барысында баяндамашылар Қазақстандағы діни ахуал, деструктивті діни идеологияның қауіп-қатері, әлеуметтік желілерде діни қозғалыстарға көпшіліктің жазылуының қауіптілігі және жақындарыңызды қалаусыз қызметке алудан қалай қорғауға болатыны, деструктивті діни ағымдардан иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, олар еліміздегі конфессияаралық татулық пен келісімді қолдаудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, лекторлар діни құқық бұзушылықтардың конституциялық, әкімшілік және қылмыстық салдары туралы ақпаратпен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.

Спикерлерге студент жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қосқан маңызды үлесі үшін алғыс айтамыз және келесі кездесулерді асыға күтеміз!


Просмотров: 309