ҚарИУ студенттік өзін-өзі басқару органдарының белсендісі және («Металлургия және машина жасау» факультетінің ТФП-21-1 тобының студентті) Тілеубек Арайлым Мелдебекқызы «Аманат» партиясының «Жастар рухы» ЖК жастар слетінің өкілдігімен өткен халықаралық жастар-саяси лагеріне белсенді қатысты.
Алматыда өткен «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» жастар-саяси лагері Қазақстанның төрағалық етуі шеңберінде Шанхай Ұйымымен бірлесіп «AMANAT» партиясының @jastar_ruhy ұйымдастырылды. Бұл өткен іс-шараның негізгі міндеттері: белсенді талантты жастарды біріктіру, тұрақты коммуникациялық байланыстар құру, сондай – ақ жастардың мемлекеттік бастамаларды іске асыруға тарту.
20-сы нан 23-ші қыркүйек аралығында қатысушылар білім беру, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар бағыттары бойынша өз шеберліктерін.
Халқаралық жастар – саяси лагерінде тек Қазақстанның өкілдері ғана емес басқада елдердің өкілдері қатысты. Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Беларусь елдерінен шетел қонақтары келді. Жастар семинар-тренингке қатысып, ашық диалог алаңдарына қатысып, Экология, волонтерлік, цифрландыру, қаржылық сауаттылық және тағы басқа мәселелерді талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша жастар көптеген жаңа достар тауып, қуат алып, жастардың игілігі үшін одан әрі жұмыс істеуге дайын.
Просмотров: 267