ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕКТЕБІНЕ ҚАРИУ СТУДЕНТІ ТАҢДАЛДЫ

 

Ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қарағанды мемлекеттік басқару академиясында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің» жаңа маусымының ашылуы өткізілді.

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің басты мақсаты – жастардың ел, халық, қоғам игілігі үшін мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру.

Жобаны облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп 2006 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

Жоба тәлімгерлерінің қатарында: Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов, Қазыбек би ауданының әкімі Ералы Оспанов, Президент жанындағы МБА Қарағанды филиалының директоры Серікжан Байбосынов, Облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Кобжанов, сондай-ақ МҚІА өкілдері бар.

Қарағанды индустриялық университетінің Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсендісі Арайлым Мелдебекқызы Тілеубек (Металлургия және машинажасау факультетінің ФӨТ-21-1 тобы) іріктеуден сүрінбей өтіп, осы жобаның тағылымдамадан өтушілерінің бірі болғаны қуантады. «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» аясында ол өзін мемлекеттік қызметші ретінде сынап қана қоймай, сонымен қатар жеке тұлғаны дамыту бойынша тренингтерден өтіп, өңірдің түкпір-түкпіріндегі көшбасшылармен кездесуге мүмкіндігі бар.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімі аппаратының басшысы Дастан Нұртасұлы Тұрсынов қатысушыларды жобаның басталуымен құттықтап, бес күндік оқудан кейін олардың барлығы әкімдікте тағылымдамадан өтетіндерін айтты.


Просмотров: 325