РЫМГҮЛ ЖАСЛАНДЫ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯСЫН ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

 

2023 жылдың 6 қазанында Алматы қаласында «Металлургия және байыту институты» АҚ 6D070900 – «Мамандығы» бойынша докторант Рымгүл Қуатқызы Жаслан «Темір-көміртек жүйесі негізіндегі инновациялық технологияларды қолдану арқылы балқыту технологиясын жетілдіру және металл бұйымдарының сапасын арттыру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Жұмыс «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жүргізілді. Қорғау мемлекеттік тілде өткізілді.

Ғылыми консультанттар:

  1. Бахыт Ахатович Жаутиков – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КеАҚ, Алматы қ., Қазақстан;
  2. Виктор Иванович Романов – техника ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ доценті, Теміртау қ., Қазақстан;
  3. Анатолий Алексеевич Бабенко – техника ғылымдарының докторы, профессор, Металлургия институты Ресей ғылым академиясының Орал филиалы, Екатеринбург, Ресей Федерациясы.

Докторлық диссертацияны қорғау – ұзақ мерзімді ғылыми зерттеу жұмысын аяқтайтын және жоғары ғылыми дәреже алуға мүмкіндік беретін ресми рәсім. Бұл талапкердің жоғары білім деңгейін, ұйымшылдығын және кәсібилігін көрсететін маңызды жетістік. Диссертацияны жасауға жұмсалған уақыт, күш пен еңбек қоғамнан лайықты мақтау алып, өз қабілеттеріне деген сенімді көрсетеді.

Қарағанды индустриялық университетінің ұжымы Рымгүл Қуатқызы Жасланды докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтайды! Рымгүл Жасланға алдағы еңбектеріне мен ғылымында толағай табыстар тілейміз. Сенімді күш, жарқын болашақ және жарқын жеңістер, өшпес оптимизм және батыл сәттілік!


Просмотров: 364