Қарағанды индустриялық университетінің 60 жылдық мерейтойы аясында ағымдағы жылдың 2-9 қазан аралығында Қарағанды индустриялық университетінің спорт кешенінде 1 курс студенттері арасында дәстүрлі Спартакиада өткізілді. Жаңа мектеп бітірген студенттер спорттың тоғыз түрінен өткен жарыстарда өз факультеттерінің намысын қорғады.
Спартакиаданың негізгі мақсаты – студенттерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға баулу, сонымен қатар олардың спорттық шеберлігін шыңдап, денсаулығын нығайту.
Спорттық жарыс бағдарламасына ұлдар мен қыздар арасында волейболдан, футболдан, баскетболдан, үстел теннисінен, дойбыдан, шахматтан, тоғыз-құмалақтан және спорттық эстафетадан турнирлер енгізілді. Спартакиадаға 220 студент қатысты.
Жарыстың бас төрешісі ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Жалпыбілімдік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Олег Викторович Мелешко болды.
Спартакиадаға Наурыз Елемесов атынан Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы демеушілік жасады.
Барлық командалар жоғары нәтиже көрсетті, әр қатысушы өзі қатысқан спорт түрібойынша барлықкүшін салды. Жарқын, жігерлі және керемет қарқынды сайыстар келесі нәтижелерге әкелді:(бейнеролик келесі карусельде)
Командалар мен жеке жеңімпаздарды құттықтаймыз! Баршаңызға алдағы уақытта да жарқын спорттық жеңістер мен жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!
Просмотров: 252