Бұл мектепке университеттің тәжірибелі оқытушыларынан, бизнесмендердің шеберлік сыныптарынан, тек Қарағанды индустриялық университетінің студенттері ғана емес, Теміртау қаласы мен Қарағанды облысының мектептерінің 9,10,11 сынып оқушылары және колледж студенттері білім алуға тиісті. Біз студенттерге бизнесте табысқа жеткен адамдармен диалог құруды, іскерлік ойындарға қатысуды, жеке бизнес-жоспар құруды ұсынамыз. Жыл бойы мектептегі сабақтар, тегін және қолайлы уақытта өткізіледі.
Жобаның мақсаты: Оқушыларға, студенттерге, магистранттарға және жас ғалымдарға кәсіпкерлік саласындағы негізгі білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға, кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, кәсіпкерлік қызметтің негіздерін ойдағыдай игеруге және оларды табысты кәсіпкерлікте одан әрі пайдалану үшін инновациялық экономикадағы кәсіпкерлік қызметтің тәжірибесімен танысуға ықпал етуге және оларға кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен құзыреттіліктерін дамыту.
Офлайн сабақтар университет қабырғасында топтардың қалыптасуына қарай дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. Әр топ аптасына бір сағаттан ыңғайлы уақытта жаттығады.
Онлайн сабақтар топтардың қалыптасуына қарай дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. Әр топ аптасына бір сағаттан ыңғайлы уақытта жаттығады.
Сіз біздің алаңда ҰКП «Атамекен», РККО, Салық басқармасы, Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығынан кеңес ала аласыз.
Қатысушы болу үшін өзінің кәсіпкерлік әлеуетін сынақтан өткізіп,келесі сауалнамадан өту қажет .
Байланыс мәліметтері: Қарағанды индустриялық университеті КЕАҚ, Теміртау қ., Республика даңғылы,30, жаңа корпус ауд. 316,325а
Тел: 7 700 915 03 38