КАРИУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН “СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»КВЕСТ-ОЙЫНЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды индустриалық университетінің базасында Теміртау қаласының колледждері мен ЖОО білім алушылары арасында жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» квест-ойыны өтті.

Іс-шараны Қарағанды индустриалық университетінің комплаенс-офицері және тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментімен бірлесіп Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы КММ ұйымдастырды.

Ойынның негізгі мақсаты - жастардың сыбайлас жемқорлық және құқық тақырыбы бойынша білім деңгейін анықтау, сондай-ақ білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке баулу.

Квестке Қарағанды индустриалық университеті, Теміртау жоғары политехникалық колледжі, Теміртау жоғары медициналық колледжі, Теміртау кәсіптік – техникалық колледжі, ҚарИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледжі қатысты.

Ойын 5 ойын нүктесі орналасқан маршрут бойынша қозғалысты қамтыды. Әр станцияда командаға әр түрлі сипаттағы логикалық, шығармашылық, эмоционалды - бейнелі тапсырмаларды шешу ұсынылды.

Ойынның нәтижелері келесідей:

1 орын - Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі;

2 орын-Теміртау жоғары политехникалық колледжі;

3 орын - Теміртау жоғары медициналық колледжі.

Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!