Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды индустриалық Университетінде алған білімі мен кәсіби даярлық деңгейіне сәйкес Университет түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында Түлектер жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты түлектерді еңбек нарығымен, бос жұмыс орындарымен және жұмыс берушілермен таныстыру болып табылады. Жәрмеңке аясында түлектер түрлі компаниялардың өкілдерімен тікелей сөйлесуге және жұмысқа орналасуға қатысты кез келген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Іс-шараға ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындары қатысты.
Тікелей кездесу барысында жұмыс берушілер ізденушілерді бос жұмыс орындарымен таныстырып, өз ұйымдарының жаңа буынының инженерлік-техникалық кадрларымен толықтыру үшін қажетті кандидаттарды іріктеп алды.
Жәрмеңкені өткізудің көп жылдық тәжірибесі жұмыс берушілермен өзара іс-қимылдың бұл түрі жұмысқа орналастыру мәселелерін шешудің тиімді тетігі болып табылатынын көрсетеді.