ҚАРИУ СТУДЕНТТЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Осы аптада Қарағанды индустриалық университетінің ПИ-23к-1 тобының студенті Сапар Дәулет Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылының №63 мектебінде белсенді кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді, сондай-ақ ТФП-23к-3 тобының студенті Шынали Ботакөз Түлкібас ауданы Сеславино шағын жинақты орта мектебінде оқушыларға университетіміздің білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаттары: оқу бейінін және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру және оқушылардың еңбекке саналы көзқарасын дамыту, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.

Кәсіби бағдар беру іс-шаралары барысында студенттеріміз Қарағанды индустриалық университеті туралы презентация ұсынып, кездесуге қатысушыларға ЖОО және оның мамандықтары туралы ақпараттық буклеттер таратты.

Ұсынылған фотоматериалдар үшін "Энергетика, көлік және басқару жүйелері» және "Металлургия және машина жасау" факультеттеріне алғыс айтамыз!