Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Қарағанды индустриалық университетінің базасында Теміртау қаласының 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны Теміртау қаласының білім бөлімі ұйымдастырды.
Салтанатты жағдайда Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Зияшев Самат Саятович, Білім саласының ардагері Пашин Игорь Александрович, «Т.Аубакиров атындағы Гимназия» ЖМ директоры, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Урываев Сергей Васильевич және Қарағанды индустриалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі - проректор Сивякова Галина Александровна олимпиада жүлдегерлеріне естелік дипломдарын табыс етті.
Айта кетейік, басқарма төрағасы - ректор Болатбек Серикбаевич Абдрасиловтың шешімімен олимпиада жеңімпаздары - 1 орын иегерлері (Ли Николай - №1 гимназия, Суворова Камила - № 1 гимназия, Семянников Александр - № 1 гимназия, Гришановский Антон-Бірінші Теміртау классикалық лицейі және Чижиков Сергей № 24 ЖББМ) және I дәрежелі дипломдармен марапатталғандар Қарағанды индустриалық университетінен 50% жеңілдікпен оқуға сертификаттар алды.
Барлық балаларды жеңістерімен тағы да құттықтаймыз, баршаңызға мұнымен тоқтап қалмауға тілектеспіз. Бәріңізді біздің болашақ абитуриенттеріміздің қатарынан көреміз деп үміттенеміз!