ЖАДЫНАМА

 

СУ ТАСҚЫНЫ, СУ БАСУ

қаупі туындаған және орын алған кезге арналған

ЖАДЫНАМА

Көктемгі қардың күрт еруі кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін:

  • Балалардың өзендерге, қазаншұңқырларға, терең арықтар мен жыраларға жақын жерде ойнауына тыйым салынсын;

  • өзендердің жағасында және су қоймасының плотинасына жақын орналасқан саяжай учаскелеріне барудан бас тартыңыз;

  • өзендердің, каналдардың, терең және кең арықтар мен жыралардың үстінде орналасқан құбырлар немесе басқа да конструкциялардан өтпеңіз;

  • келіп жатқан су құрғақ жерден бөліп тастамас үшін, өзендердегі жартылай аралдарға бармаңыз;

  • жазатайым оқиғаны болдырмау үшін белгіленбеген және таныс емес орындарда өзендерден, каналдардан және басқа да су айдындарынан мұз арқылы өтпеңіз;

  • Балықшылар бұл кезеңде су толығымен төмендегенше балыққа аулаудан бас тартқан жөн.

Елдімекендерде, жеке секторда тұрып жатқан ХАЛЫҚ:

  • ауладан және іргелес аумақтан қар барынша тазаланып, қауіпсіз орынға шығарылсын; 

  • еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін нөсер арналарының, арықтардың, жыралардың, су өткізгіш құбырладың және басқа да су бұру құрылғыларының уақтылы тазалануына ерекше назар аударылсын; 

  • еріген қар суы үйдің конструкциясына кірмеуі үшін ғимараттың қабырғасы мен іргетасын қардан тазалау жүргізілсін; 

  • ғимарат шатырынан су өтіп кетуін болдырмау үшін, шатырды қар мен мұздан тазалау жолымен еріген қар суының жеткілікті ағып кетуін қамтамасыз етіңіз;

  • су басу қаупі туындаған жағдайда су кіріп кеткен кезде ықтимал шығыннан қорғау үшін электр құралдарын, тұрмыстық техниканы және бағалы заттарды жоғарғы қабатқа шығарыңыз; 

  • жазатайым оқиғаға, өртке жол бермеу үшін электр шараушылықтарына, электр қорғағыш аспаптардың жарамдылығына, агрегаттарға алдын ала түгендеу жүргізіңіз.

Су басу қаупі бар елдімекендерде тұратын ХАЛЫҚ, ТЖ туралы хабарлама алған кезде:

  • киім-кешек, азық-түлік тағамдарын, ауыз су қорын жинасын, газ және электрэнергиясын сөндіріп, эвакуациялық іс-шараларға дайын болсын;

  • үй жануарларын, құстарды қауіпсіз жерге эвакуациялауға дайындасын. Жертөлелердегі және басқа да тереңдегі үй-жайлардағы азық-түлікті шығарып, шатырларға немесе су баспайтын үй-жайларға орналастырсын;

  • үйді және шаруашылық үй-жайларды жергілікті билік өкілдеріне күзетке тапсыруға дайын болсын;

  • барлық жерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Алған ақпарат туралы көршілерге хабарлаңыз, бұл істе қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз. Кез келген жағдайда сабырлы болыңыз, дүрбелеңге берілмеңіз.

Гидротехникалық ғимараттардың БАСШЫЛАРЫ (МЕНШІК ИЕЛЕРІ):

  • қар көп түскен жерлерден қарды, су басу болуы ықтимал аймақтардағы арналар мен су ағатын жүйелерді тазартып, су жіберетін құрылғылар мен механизмдерді алдын-ала, дер уақытында жөндесін;
  • ТЖ қаупі болуы туралы мемлекеттік органдар мен тұрғындарды дер кезінде хабардар етіңіз.

Теміртау қаласының ТЖ басқармасы


Просмотров: 189